384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында учаскелік комиссия сайлаушыларды түгендеп жатыр

  • 91
  • UPD: 13:47, 23.05.2019

Қостанай облысында учаскелік комиссия мүшелері сайлаушылар тізімін түгендеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Кейбір учаскелерде бұл жұмыстың 80 проценті еңсерліп қалған. Одан кейін дауыс берушілерге  шақыру қағазын тарата бастайды. 25 мамырдан бастау алатын бұл іс-шараны екі-үш күннің ішінде өткізуді жоспарлап отыр. Осы аралықта комиссия мүшелері өз аумақтарын барынша аралап шығуға тырысады. Және денсаулықтарына, басқа да жағдайларға байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын адамдардың тізімі де пысықталатын болады.

Александр Минко, учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы:

- Біз алдын-ала мекен-жайларын аралап, түсінік жұмыстарын жүргіземіз. Шақыру қағазын алған кезде, немесе  телефонмен хабарласып, учаскеге келуге жағдайы келмейтіндігін айтса, тіркеуге аламыз. Сосын үйде дауыс беруге өтініш жазса, сол сайлау күні мекен-жайына барамыз.

Хабар 24 телеарнасы