389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Орталық Азия елдері даму бағытын өздері айқындауы тиіс – М.Форд

  • 865
  • UPD: 15:29, 23.05.2019
Орталық Азия елдері даму бағытын өздері айқындауы тиіс – М.Форд

Азиядағы ынтымақтастық мәселесін осы аймақтың басшылары шешкені дұрыс.

Өңірдің даму бағытын Қытай, АҚШ, Ресей сынды мемлекеттер емес, аймақ елдері өздері айқындауы тиіс. Бүгін бұл туралы Еуразиялық медиафорумда футурист, робототехника және жасанды интелект кітабының авторы Мартин Форд арнамызға берген сұқбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, алпауыт мемлекеттер Орталық Азияға тек экономиканы дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, жастардың мүмкіндігін арттыру сынды мәселе бойынша көмектесуі керек.

Мартин Форд, футурист, робототехника және жасанды интеллект кітабының авторы:

- Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы мәселеге көп тоқталған. 2014 жылы Астанада өткен экономикалық форум барысында Орталық Азия аймағының жаһандағы бәсекелестігін қалай арттыру мәселесі көтерілген болатын. Сол кезде менімен бірге келген америкалық делегация мүшелері Қазақстанның осы саладағы көшбасшылығына, жалпы сіздің елдің қол жеткізген жетістіктеріне таңданысын білдірген еді.

Хабар 24 телеарнасы