378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстандағы елшілік президенттік сайлауға дайындық барысымен таныстырды

  • 319
  • UPD: 23:04, 23.05.2019

Көрші елдегі Қазақстан елшісі Дархан Сатыбалды: «Ташкенттегі елшілік ғимаратында №267 сайлау учаскесі жұмыс істейді», – дейді.

Азаматтар таңғы сағат 7-ден бастап кешкі 8-ге дейін дауыс бере алады, деп хабарлайды «Хабар 24». Өзбекстанда саяхаттап не шұғыл жұмыс бабымен жүрген сайлаушылар елшіліктің веб-сайтына кіріп, электронды пошта немесе ұялы байланыс телефоны арқылы тіркелулеріне болады. 

Дархан Сатыбалды, Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

- Бүгінгі таңда Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясында сайлаудың ашық әрі жариялы болуын қамтамасыз ету үшін барлық жағдайларды жасалып жатыр. Ол еліміздің сайлау туралы заңнамасына және халықаралық құқықтық талаптарға толық сәйкестендіріледі. Қазақстанға бұл күн әртүрлі елдер мен халықаралық ұйымдардан 1 мыңға жуық байқаушы мен 10-нан астам халықаралық ұйым өкілдері келеді деп күтілуде. Сайлаушылардың саны 11 947 995-ке жетті.

Хабар 24 телеарнасы