380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда Қазақстандағы сайлауға арналған брифинг өтті

  • 196
  • UPD: 23:04, 23.05.2019

Берлинде Қазақстандағы президенттік сайлауға арналған брифинг өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Германиядағы елшіміз Болат Нүсіпов неміс қауымын Президент лауазымына үміткерлермен және олардың сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды. Германияда тұратын қазақстандықтар 9 маусымда Берлиндегі елшілігімізде өз дауысын бере алады. Тағы да бір сайлау учаскесі Франкфурт қаласында орналасқан бас консулдығымызда жұмыс істейді.

Маттиас Дорнфельдт, саясаттанушы:

- Менің ойымша, елдеріңіз сайлауға жақсы дайындалған. Мен 2016 жылы Қазақстанда болған парламенттік сайлауға байқаушы ретінде қатыстым. Алдағы сайлау да жақсы ұйымдастырылып, 9 маусымда Қазақстан халқы өз таңдауын жасайды деп санаймын. Қазақстан тұрақтылық пен экономиканы дамытуға бағытталған саясат жүргізетініне үмітім бар.

Хабар 24 телеарнасы