378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы: Сайлауға 7 кандидаттың түсуі елімізде саяси бәсекенің барын айғақтайды

  • 377
  • UPD: 23:08, 23.05.2019

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабына барды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Сайлауға 7 кандидат түсті. «Бұл елімізде саяси бәсекенің бар екенін айғақтайды», – деді Тұңғыш Президент.

Республикалық қоғамдық штаб мүшелерінің қайсы-қайсысы да елге танымал, бұған дейін де бірнеше сайлаудың басы-қасында жүрген өз ісінің нағыз майталмандары. Партияның Төрағасы ретінде Нұрсұлтан Назарбаев атқарылып жатқан жұмыстардың есебін тыңдады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Мен үшін бұл өте маңызды кезең, себебі ел үшін маңызды кезең. Науқанға дайындық барысын мен мұқият қадағалап, күн сайын көріп отырмын, ақпарат салып отырмын. Сайлауға жеті кандидат түсті. Бұл – елімізде саяси бәсекенің дамып келе жатқанының белгісі.

«Әр кандидаттың елді дамытуға арналған өз сайлауалды бағдарламасы бар», – деді Елбасы. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі күнге дейін ешқандай заң бұзушылық тіркелмегенін, үміткерлердің бәріне ортақ жағдай жасалғанын атап өтті. Белсенді әрі бәсекелі сайлау өткізу мемлекеттің саяси жүйесін әрі қарай дамытуға және тұрақтылықты нығайтуға қызмет ететін болады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Еліміздегі билік транзиті қалыпты жағдайда, өркениетті, заңды түрде өтуі қажет. Мен айтқанмын, естігенсіздер, бұл мәселені мен көп ойланып, толғанып шештім, ол оңай емес, осындай кезеңдерде елдің ішінде толқу болады, елдің ішінде бәсекелестік болады, сондай жағдайларға жол бермеу үшін мен осындай шешім қабылдадым.

«Қазіргі басты міндет – Елбасының барлық бастамаларын, реформаларын жалғастыру, сабақтастықты сақтау», – деді партия Төрағасының орынбасары Мәулен Әшімбаев. Ал бұл дегеніміз – жаңғыру жолымен жүру, сол арқылы елдің әл-ауқатын жақсартуға септігін тигізетін игі істерді атқару деген сөз.

Мәулен Әшімбаев, Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:

- Биыл Nur Otan партиясына 20 жыл толды. Осы уақыт аралығында Сіз партияға үнемі қамқорлық танытып, қолдау көрсетіп келдіңіз. Соның арқасында Nur Otan партиясы осы  уақыттың ішінде толыққанды қалыптасып үлгерді. Енді партия мен оның барлық мүшелеріне ел дамуы жолында серпіліс жасап, Сіздің нағыз тірегіңіз және тарихи бағытыңызды сақтаудың кепілі екенімізді дәлелдейтін кез келді.

Ел президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабына 190 адам мүше. Бұған қоса 6 мың мүшесі бар аймақтық және аумақтық штабтар жұмыс  істейді. Және бұған 20 мыңға жуық сенімді өкілді қосыңыз.

Бақытжан Жұмағұлов, ҚР Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшесі:

- Сайлаушылар президенттікке түскен барлық кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларын сараптап, талдап оқығаны байқалады. Қ.Тоқаевтың бағдарламасында Сіздің саясатыңызды одан әрі қарай жалғастыратындығы ашық көрсетілген, әсіресе күшті президенттік билік, ықпалды Парламент, Парламент алдындағы жауапты үкімет туралы айтылған тармақ сайлаушылар тарапынан қолдау табуда.

Ғалиасқар Сарыбаев, ҚР Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевтың Алматы облысы аймақтық қоғамдық штабының жетекшісі:

- Сіз қиын-қыстау кезеңде Мәңгілік еліміз үшін тарихи шешімдерді қабылдадаңыз. Рухани құндылықтарымызды жаңғырттыңыз, макроэкономикалық драйверлерін ұсындыңыз, қаржы секторын тұрақтандыру бойынша ауқымды қадамдар жасадыңыз. Мызғымас, тату-тәтті халқы бар, қуатты мемлекет құрдыңыз.

Қазір Қазақстан әлемге танымал. Тоқсаныншы жылдың тоқырауынан өтіп, тарихымызды түгендедік, дінімізді қайтарып, экономикамызды нығайттық. Енді озық отыздыққа қосылуға талпынып отырған елміз. Сол жүріп-өткен жолдағы ірі-ұсақты жеңістің, табыстың бәрі Елбасының есімімен байланысты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Мен айтар едім, қазақ мұндай өмірді тарихында көрген емес, дәл бүгінгідей еркін дүниені шарлаған емес. Осының барлығы халықтың жұмысы деп санаймын, себебі халық қолдамаса, мен мұны істей алмас едім, енді осы істеген жұмысты бүлдірмей ары қарай алып жүру керек, әрине, әрі қарай отыра берер едім, су шығып жатқан жоқ, халықтың қолдауын білемін, мен де сайлауға түсіп сайланар едім, өзім отырған кезде, көзім тірі кезде осы жұмысты басқа азаматтарға беріп, ары қарай қалай жүргенін көруім қажет. Соған көмектесуім керек, соны істеуім керек.

Сыртқы саясатта сыйлымыз. Алты құрлықтағы алыптармен де, қоңсылас жатқан елдермен де татумыз. Сол ілтипаттың белгісі болар, Нұрсұлтан Назарбаев өз еркімен өкілеттігін тоқтату туралы шешіміне шет елдің басшылары құрметпен қарады. Әлі күнге дейін келіп жатқан хаттар, айтылып жатқан пікірлер соның дәлелі. 

Қазір сайлауалды үгіт-насихаттары қарқынды өтіп жатыр. Ақпарат құралдарындағы, әлеуметтік желілердегі жұмыс белсенді, республикалық, аймақтар штабтар күн сайын түрлі кездесулер өткізіп келеді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Мы не первый раз проводим эти выборы. Наша партия Nur Otan проводила за 20 лет 4 выбора. И все они были очень успешными. На 18 съезде партии мы обсудили все эти вопросы и я выдвинул кандидатуру К.Токаева на роль Президента, а также в кандидата Президента. Это особый выбор, и считаю, что правильный выбор. Мы выбираем очень подготовленного человека имеющий опыт в руководящей работы. Уверен, что он будет продолжать начатое дело ради стабильности, ради развития, ради будущего нашей страны.

«Мен бұл таңдауды бекер жасаған жоқпын», – деп бастады әңгімесін Елбасы. Осылай деді де 1984 жылғы оқиғаны баяндады. Сол кезде Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы ретінде Қытайға барған кезде Нұрсұлтан Назарбаев елшіліктің қызметкері, аудармаға көмек көрсетіп жүрген Қасым-Жомарт Тоқаевты тұңғыш рет көреді. Кейін Кеңес Одағы ыдыраған тұста, сан салаға білікті мамандар керек болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында маңызды міндеттер сеніп тапсырылғандардың қатарында Қасым-Жомарт Тоқаев та болды. Сол кезде ол Сыртқы істер министрі орынбасары қызметін атқарды.

Қазіргі саяси оқиғаның мән-маңызына Елбасы ерекше тоқтады, сонымен бірге қазақстандықтарды сайлауға белсенді түрде қатысуға үндеді.

Қазіргі қарқынды бәсеңдетпеу керек. «Қазақстан Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы халықтың көңілінен шығады деп ойлаймын», – деп түйді Елбасы. Бағдарламаның өзегі – елдің баянды болашағы.

Сөз соңында Нұрсұлтан Назарбаев партиялықтарға бүкіл тапсырмалардың орындалуын бақылауда ұстауды тапсырды. Себебі, Елбасының стратегиялық саясатын жалғастырып, айқындалған мақсат-міндеттерді орындауға келген Nur Otan-ға жүктелген жауапкершіліктің жүгі ауыр.

Хабар 24 телеарнасы