378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дональд Туск Қазақстанға сапармен келеді

  • 151
  • UPD: 11:40, 26.05.2019
Дональд Туск Қазақстанға сапармен келеді

Еуропалық кеңестің төрағасы Дональд Туск 31 мамырда Қазақстанға келеді. Бұл туралы Еурокеңес басшысының баспасөз қызметі мәлім етті.

Д. Туск сапар барысында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі.

«Өңірлік және екі жақты қатынаспен қатар климаттың өзгеруі, қоршаған ортаны қорғау, шекараны басқару, сонымен қатар өңірлік қауіпсіздік мәселелері сапардың күн тәртібінде маңызды орын алады», - деді еуроинститут баспасөз қызметіндегілер.

Нұр-Сұлтан қаласындағы кездесуден соң Д. Туск «АЛЖИР» мемориалды мұражай кешеніне барады. Сол күні Дональд Туск Қазақстан астанасынан аттанып, Ташкентке барады, онда Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеевпен кездеседі. Бір күн бұрын Еурокеңес басшысы Душанбе қаласында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен жолығуы тиіс.

«Д. Туск сапары Еуроодақтың өңірлермен және жекелеген мемлекеттермен серіктестік қарым-қатынасты нығайту жолын ұстанатынын білдіреді», - деп атап өтті Еуропалық кеңестің баспасөз қызметіндегілер.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы