378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ш.Зиёев: Н.Назарбаевтың тұтас бір қоғам қалыптастыруда сіңірген еңбегі қомақты

  • 209
  • UPD: 23:53, 26.05.2019

Ұлы дала елі кешегі тоталитарлық бұғаудан кейінгі қоғамда бейбітшілік пен келісімге иек артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Ол сөзсіз Тұңғыш Президенттің саяси қабілеті», – дейді өзбекстандық саясаттанушы Шерзод Зиёев. Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан мемлекет ретінде тарихта қалды. Елбасы Назарбаев пен қазақ халқы әлемге бейбітшілікті үлгі етіп келеді. Ұлт көшбасшысының күллі түркі жұртын біріктіру жолындағы еңбегі түркі дүниесіндегі жаңа дәуірдің басталуына ұйытқы болды. Өйткені туыс елдер әлемдегі геоэкономикалық ахуал мен халықаралық қауіпсіздік мәселесін бірлесіп шешетін дәрежеге жетті. Батыс пен Шығыстың арасындағы алтын көпірге айналған Қазақстан өзгелерді әлемдегі түрлі қақтығыстар мен Ауғанстан мәселесін де бейбіт жолмен шешуге үндеді. «Осы тұрғыдан алып қарағанда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің ғұмыр бойғы құрметті төрағасы мәртебесі берілуі заңдылық», – дейді өзбекстандық саясаттанушы.

Шерзод Зиёев, саясаттанушы:

- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің ғұмыр бойы құрметті төрағасы мәртебесінің берілуі бұл маңызды оқиға деуге болады. «Бұл – қазақ Елбасына көрсетілген зор құрмет», – деп білемін. Назарбаев 90-жылдардан бері ел билігінде келеді. Сол уақытта түркі мемлекеттері, түркі жұртының басын біріктіріп, тұтас бір қоғам қалыптастыруда сіңірген еңбегі қомақты. Көреген қайраткердің өзге әріптестеріне үлгі боларлық қыры көп. Оның байланысты нығайтуға бағытталған саясаты түркі елдерімен қатар Орта Азиядағы көрші Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа елдер үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.

Хабар 24 телеарнасы