383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Президенті Нарендра Модиға құттықтау жеделхатын жолдады

  • 157
  • UPD: 16:07, 27.05.2019
Қазақстан Президенті Нарендра Модиға құттықтау жеделхатын жолдады press-unity.com

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Премьер-министрі лаузымына қайта сайланған Нарендра Модиға құттықтау жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысы жеделхатта Нарендра Модиді Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Үндістан Республикасының Премьер-министрі лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, Бхаратья Джаната партиясының басым жеңісі, Үндістан халқының оған деген сенімі мен қолдауын көрсететінін айтқан.

«Сіздің көшбасшылығыңыз бен қабілетіңіздің арқасында Үндістан өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуында жаңа жетістіктерге жетіп, халықаралық беделін нығайта түседі деп сенемін. Қазақстан мен Үндістанның достас халықтарының игілігі үшін стратегиялық ынтымақтастығымызды тереңдете беруге дайын екенімізді жеткіземін», - делінген жеделхатта.

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрінің қызметіне табыс, халқына бейбіт өмір мен береке тіледі.

Хабар 24 телеарнасы