389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: Н.Назарбаевтың арқасында Түркі кеңесі биік белестерді бағындырары сөзсіз

  • 445
  • UPD: 14:43, 28.05.2019

Әлеуметтік вектор, бизнес-байланыс, тараптар қызығушылығының нығаюы.

Бұл бағыттарды Түркі кеңесі үнемі назарда ұстайды, деп хабарлайды «Хабар 24». Мұраты бір, міндеті ортақ бір ұйымға біріккен мемлекеттер өзара серіктестігін де арттыруда. Қырғызстандық сарапшының айтуынша, бұл жетістіктер Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көрегенділігі.

Марат Казакпаев, сарапшы:

- Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркі кеңесінің Құрметті Төрағасы болып тағайындалды. Себебі Түркі кеңесі – жас ұйым. 2009 құрылған кеңестің алда түрлі әлеуеттік жоспарлары бар. Яғни дамудың даңғыл жолына салатын білікті төраға керек. Енді Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында ұйымның биік белестерді бағындырары сөзсіз.

Хабар 24 телеарнасы