384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлдағы 93 сайлау учаскесі президенттік сайлауға толық дайын

  • 121
  • UPD: 14:39, 28.05.2019

9 маусымда өтетін Президент сайлауын ұйымшылдықпен өткізуге бағытталған шаралар Петропавл қаласында қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінгі күні шаһарда орналасқан 93 сайлау учаскесі маңызды науқанға тас-түйін дайын. Оның 10-ы жабық учаске. Яғни олар әскери институт, әскери бөлімдермен медициналық мекемелерде және тергеу изоляторында орналасқан. Қазір барлығы қажетті құрал-жабдықтармен қамтылып, сайлау комиссиясы мүшелері арнайы оқытудан өтті. Сәтін салса алдағы уақытта қала бойынша 165 мыңнан астам адам өз таңдауын жасайтын болады. «Сайлауға екі аптадай уақыт бар. Дегенменде тұрғындар тізімнен өздерінің бар-жоғын анықтап, белсенділік танытып жатыр», – дейді мамандар. 

Евгений Мамыкин, қалалық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Есептен шығару куәлігі беріле бастады. Яғни тұрғылықты мекен-жайы бойынша дауыс бере алмайтын адамдар өзінің учаскесіне барып, қажетті құжатты алулары қажет. Сол арқылы кейін саяси науқанға қатысады. Ал уақыт өткен сайын өздерін тізімнен тексеріп жатқан халықтың қарасы артып келеді.

Хабар 24 телеарнасы