378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бірқатар ел басшылары «ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталады

  • 218
  • UPD: 17:34, 28.05.2019

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 3 елдің Президенті мемлекеттік наградамен марапатталды.

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко және Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен наградталды. Оларға бұл марапат Еуразиялық интеграция идеясының 25 жылдығына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қоюдың 5 жылдығына орай, сондай-ақ Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтуге қосқан айрықша үлесі үшін берілді.

Хабар 24 телеарнасы