382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық отырысы өтеді

  • 205
  • UPD: 20:49, 28.05.2019

Жиынға одаққа мүше елдердің көшбасшылары қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің бұған дейінгі отырысы былтыр Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен. Ендігі кезек елордада. Бұл жолғы жиынның мән-маңызы ерек. Мәселен, биыл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған еуразиялық экономикалық әріптестік идеясына – 25 жыл. Сондай-ақ сол бастама шынайы жүзеге асып, интеграциялық келісімнің орнағанына – 5 жыл. Сондықтан осы себептермен саммит мерейтойлық сипатқа ие болды. Ал жиын өтетін Тәуелсіздік сарайында дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Ерлан Әлиев, безендіру компаниясының өкілі:

– Бұл – Жоғары еуразиялық кеңес отырысының кеңейтілген залы. Сарайдың безендірілуіне баса көңіл бөлдік. Ұлттық ою-өрнектер және шаңырақ пен керегені басты көрнекі құрал ретінде пайдаландық.

Отырыс өтетін орындардың безендірілуінен бөлек, күн тәртібі де маңызды. Келелі келіссөз алаңында президенттер ортақ нарықты одан әрі дамыту жолдарын талқылайды. Бұған дейін көтерілген бастамалардың жүзеге асырылу барысы бағамдалады. Жиі айтылып жүрген мәселелердің бірі біркелкі мұнай мен газ нарығын қалыптастыруға да мемлекет басшылары баса мән береді. Осы сынды өзекті жайттар шағын және кеңейтілген құрамда қаралады. Кейін президенттер бірлескен мәлімдеме жасайды. Концерттік бағдарлама да – мерейтойлық саммиттің бір бөлігі. Оған еліміздің және Ресейдің өнер шеберлері қатысады.

Мария Мудряк, опера әншісі:

– Джулетте вальсін әзірлеп жатырмын. Бұл туынды кез келген сопрананың репертурынан табылуы тиіс. Жақында ғана оны Санкт-Петерборда орындаған болатын. Енді міне, өз Отанымда осы шығармамен өнер көрсетемін.

Музыкалық жоғары білімі бар Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да сахна төрінде өнер көрсетеді. Бұл жолы ол шығармашылықтағы әріптестерімен қосылып, виолончельде әуезді әуен орындайды.

Қалай болғанда да, бас қала әлемдік қауымдастықта беделді ұйымның тағы бір отырысына дайын. Мәртебелі меймандардың алды елордаға келіп те үлгерді.

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Ербол Дайыров

Хабар 24 телеарнасы