389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрсұлтан Назарбаев Сооронбай Жээнбековпен кездесті

  • 455
  • UPD: 21:40, 28.05.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары еуразиялық кеңес отырысына қатысу үшін елордаға келген Қырғыз республикасының президенті Сооронбай Жээнбековті марапаттады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев орденін иеленген мәртебелі мейман көрсетілген құрметке зор ризашылығын білдірді. Кейін көшбасшылар бауырлас халықтар арасындағы байланысты дамыту жайын сөз етті. Сооронбай Жээнбеков Нұрсұлтан Назарбаевтың Орталық Азия елдерінің достық қарым-қатынасын қалыптастыруға қосқанын үлесін жоғары бағалады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

– Қазақстанда осындай өзгерістер болды. Сол күні телефон шалып қолдадың, рақмет. Мен де бірінші күннен бастап қолымнан келгенше қолдап келе жатырмын. Әлі де қолдаймын. Жақынбыз, туыспыз бәріміз. Оңай емес жағдайда жұмыс істеп жатырмыз. Алла қолдасын. Табысты болыңыз.

Сооронбай Жээнбеков, Қырғыз республикасының президенті:

– Бүгін бір туған ағайынмен кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Сізді дүние жүзі біледі. Өз орныңыз бар. Тәсіліңіз бар. Түрік елдерінің лидерісіз. Орныңыз біз үшін басқа. Бізге жол көрсетуші, ақыл айтушы адамсыз. Орталық Азиядағы елдердің достығын бекемдегенге, жалпы қазақ еліне емес, Орталық Азияға еңбегіңіз сіңген. Қазақ туғандарға еңбек қылдыңыз. Барлығы біледі. Сізді құрметтейміз. Бүгінде мына сыйлық жағымды болды. Сіздей адамнан осындай сыйлық алу – мен үшін мәртебе. Естен кетпей тұрған оқиға болды.

Хабар 24 телеарнасы