379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Президенті Молдова басшысы Игорь Додонмен кездесті

  • 156
  • UPD: 22:09, 28.05.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Молдова президенті Игорь Додонмен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басқосуда екіжақты байланыстар мен халықаралық ұйымдар аясындағы өзара әріптестік жайы талқыланды. «Біз Молдовамен ынтымақтастықты нығайтуға және сауда-экономикалық серіктестікті одан әрі кеңейтуге ниеттіміз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Өз кезегінде Молдова Президенті мемлекетаралық диалогтың жемісті сипатын атап өтіп, одақпен байланыс одан әрі тереңдей түседі деп сендірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Ертең елордамыз үшін аса маңызды оқиғалардың бірі болады. Жоғары еуразиялық кеңестің отырысы одақтың одан әрі дамуына жол ашады деген ойдамыз. Сіз Молдова президенті ретінде осы ұйымға бақылаушы мәртебесіне иесіз. Біз Молдовамен ынтымақтастықты нығайтуға және сауда-экономикалық серіктестікті одан әрі кеңейтуге ниеттіміз. Өзара қарым-қатынастарымызды дамыту үшін бізде барлық мүмкіндік бар деп ойлаймын.

Игорь Додон, Молдованың президенті:

– Президент мырза, сізбен жеке танысып отырғаныма қуаныштымын. Елдеріміз арасындағы қарым-қатынастың қалыптасқанына көп уақыт болды. Екіжақты 30-дан аса құжат жасастық. Тағы бірнешеуі қол қоюға әзірлік үстінде. Сауда-саттық артып келеді. Еуразиялық экономикалық одақ – Молдова үшін маңызды құрылым. Өткен жылы біз осы ұйымға бақылаушы мәртебесін иелендік. Ертең өтетін кеңес отырысы арқылы Молдованың одақпен байланысы одан әрі жақындай түседі.

Хабар 24 телеарнасы