389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесті

  • 341
  • UPD: 21:40, 28.05.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан республикасының президенті Эмомали Рахмонмен де кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесу барысында Елбасы ынтымақтастықтың алғашқы күндерінен бастап Қазақстан мен Тәжікстанның берік достыққа және сенімге негізделген қатынастар орнатқанын атап өтті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті екі жақты қатынастар бауырлас халықтардың игілігі үшін алдағы уақытта да нығая беретінін айтты. Ал Эмомали Рахмон Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның қарқынды дамығанын атап өтті.

Эмомали Рахмон, Тәжікстан республикасының президенті:

– Қазақстанның бет-бейнесі қалай өзгергеніне куәмін. Елордада өткен алғашқы кездесуіміз әлі есте. Содан бері қала адам танымастай түрленген. Бұл сіздің сарабдал саясатыңыз арқылы іске асты.

Хабар 24 телеарнасы