383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Арменияның премьер-министрін қабылдады

  • 144
  • UPD: 21:41, 28.05.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Арменияның премьер-министрі Никол Пашинянмен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елбасы мәртебелі мейманға қошемет білдіріп, екі жақты сауда-экономикалық қатынастарды дамытудың және нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде, Никол Пашинян Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мемлекетаралық байланыстарды және құрлықтағы интеграциялық үдерістерді дамыту ісіне ерекше үлес қосқанын атап өтті. Арменияның премьер-министрі екі жақты экономикалық ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Никол Пашинян, Армения республикасының премьер-министрі:

– Сіз бүтін бір дәуірді қалыптастыра алған айтулы тұлғасыз. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылған кезде де, ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы іргесін қалаған тұста да басы-қасында жүрдіңіз. Сіздің тікелей бастамаңызбен Еуразиялық экономикалық одақ құрылды.

Хабар 24 телеарнасы