389,60 428,03 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандағы инфрақұрылымды дамытуға 30 млрд доллар инвестиция құйылды – Н.Назарбаев

  • 315
  • UPD: 15:27, 29.05.2019

Еуразиялық экономикалық одақ өзге халықаралық ұйымдармен арадағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту керек.

Елордада өтіп жатқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің құрметті төрағасы бірлесе жұмыс істеу арқылы одақтың стратегиялық пішінін кеңейтіп, интеграция идеясын күшейту керектігін айтты. Қазақстынның Тұңғыш Президенті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің географиялық тұрғыда өте тиімді орналасқанын ескере отырып, ірі бірлескен жобаларды жүзеге асыру жұмыстарын үдету қажеттігіне назар аудартты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Мы имеем мощную базу в наших странах для этого. Например Казахстан уже реализовал ряд масташбных, в том числе международных проектов. За последние 10 лет на развитие инфраструктуры в Казахстан было инвестировано более 30 млрд долларов.

Хабар 24 телеарнасы