384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕО мен Орталық Азия елдері арасындағы саясат пен қауіпсіздік жөніндегі отырыс өтті

  • 104
  • UPD: 15:40, 29.05.2019

Брюссельде Еуроодақ пен Орталық Азия елдері арасындағы саясат пен қауіпсіздік жөніндегі жоғары деңгейлі диалогтың алтыншы отырысы өтті.

Аталған іс-шарада Қазақстан Сыртқы істері министрінің орынбасары Роман Василенко бірқатар жоғары лауазымды дипломатпен кездесті. Басқосу барысында қауіпсіздік, шекараны басқару, есірткі тасымалы мен аймақтағы терроризммен күрес мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, қазақстандық дипломат отырысқа қатысушылармен бірге 15 мамырда қабылданған Еуроодақтың  Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясын да талқыға салды. Айта кетсек, Қазақстан бұған дейін аталған құжатқа қатысты ұсыныстарын енгізген болатын. Онда жеке кәсіпкерлікті дамытуға, сандық экономика мен көлік коммуникациясын жетілдіру мәселелері қамтылған. Сонымен қатар қазақстандық делегация басшысы  еуропалық дипломаттармен Қазақстандағы президенттік сайлау науқаны барысына да тоқталды.

Роман Василенко, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

- Елімізде адал бәсекелестіктің қамтамасыз етілгеніне қарап, сайлау қорытындысы мен халықаралық бақылаушылардың бағасын асыға күтуде. Ал жүргізілген келіссөздер барысында қарым-қатынасымыздың сайлаудан кейінгі кезеңде қалай өрбитіні жайлы сөз қозғадық. Еуроодақтың Орталық Азия бойынша қабылдаған жаңа стратегиясы мен аймақтағы мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастардың жағымды динамикасын ескерсек, ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілетіні сөзсіз.

Хабар 24 телеарнасы