389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жолборс Жоробеков: Нұрсұлтан Назарбаевтың деңгейіндегі тұлғалар аз

  • 316
  • UPD: 23:27, 29.05.2019

Қырғызстанның белді ғылыми қайраткерлері Нұрсұлтан Назарбаевтың Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесінің құрметті төрағасы болып сайлануын еңбегі сіңген табыс деп санайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстанның Тұңғыш Президенті бірыңғай Еуразиялық кеңістіктің алғашқы іргесін қалаған болатын. Саяси басшы ретінде көрегендігімен Еуразия дамуының ең маңызды бағыты экономикалық интеграцияны белгілеген. Еуразиялық экономикалық одақтың арқасында мүше елдер өндірістік әлеуетін арттырып, өнімдерінің бәсекеге қабілетін өсіртіп, оны өткізетін нарықтар ауқымын кеңейткен. 

Жолборс Жоробеков, саяси ғылымдар докторы:

- Нұрсұлтан Назарбаевтың деңгейіндегі тұлғалар аз. Тарих Вашингтон, І Пётр секілді көптеген реформаторларды біледі. Нұрсұлтан Назарбаев олармен бір қатарда тұр деп санаймын. Тарихты бүгінгі күн тұрғысынан бағалауға болмайды, тек уақыт өткенде ғана маңызы артады. Сол кезде көп ел Назарбаевтың өз дәуіріне қанша экономикалық үлес қосқанын түсінеді. 

Хабар 24 телеарнасы