384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресми Минск Елбасы лауазымын қолдайды

  • 111
  • UPD: 23:27, 29.05.2019

Ресми Минск Нұрсұлтан Назарбаевтың Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы болып сайлануына өз қолдауын білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Беларусь саясаткерлері 90-жылдары еуразиялық интеграция бастамасын Нұрсұлтан Әбішұлы ұсынғанын жақсы біледі. Алғашқылардың бірі болып Елбасыны құттықтаған Александр Лукашенко Қазақстанның Тұңғыш Президенті Еуразиялық экономикалық одақты одан әрі дамыту жолында әлі көп еңбек атқарады деген сенімде. 

Олег Гайдукевич, Беларусь либералды-демократиялық партия төрағасының орынбасары:

- Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық экономикалық одақты құру мен дамытуға қосқан үлесінің зор екенін ескерсек, бұл дұрыс шешім. Мұны Ресей де, Беларусь те түсініп отыр. Жаңа лауазымның маңызды бір тұсына назар аударғым келіп тұр. Бүгін президентіміз Александр Лукашенко айтқандай, Ресей президенті де, Беларусь президенті де Нұрсұлтан Назарбаев осы қызметінде өз тәжірибесін қолданып, Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысын саралап отырса дейді. Осы одақты құрған тәжірибелі саясаткер әрі басшы ретінде даулы мәселелер мен Еуразиялық комиссияның жұмысын да бағалап отырғаны жөн.

Хабар 24 телеарнасы