384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ТМД Жастар парламентаралық ассамблеясының көшпелі сессиясы басталды

  • 88
  • UPD: 23:42, 30.05.2019

Қазанда ТМД-ға мүше мемлекеттердің Жастар парламентаралық ассамблеясының екі күндік көшпелі сессиясы басталды.

Алғаш рет жас депутаттар қоғамдық ұйымдардың көшбасшылары және атқарушы билік органдарының өкілдері бас қосып, жастардың халықаралық деңгейдегі серіктестігі, тәжірибе алмасуы туралы пікір алмасып жатыр. Жиынды Татарстан Мемлекеттік Кеңесінің Төрағасы Фарид Мухаметшин ашты. Көшпелі сессияға Қазақстан атынан Парламент Мәжілісінің депутаты Бақтияр Мәкен қатысуда.

Бақтияр Мәкен, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

- Біз бұл сессияда ауылдағы жастар мен ерікті ұйымдардың мәселесін талқылайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы