384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польшадағы Қазақстан елшілігінде сайлау учаскесі ашылады

  • 510
  • UPD: 14:54, 31.05.2019

Польшада білім алып немесе жұмыс бабымен жүрген қазақстандықтар 9 маусым күні №271 сайлау учаскесінде дауыс бере алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол таңғы сағат 07:00-де Варшавадағы Қазақстан елшілігінде ашылады. Бүгінде осы сайлау орнында өз таңдауын жасауға ниет білдірген 300-дей азаматымыз тіркеліпті. Елшіміз Марғұлан Баймұхан Польшаның жетекші ақпарат құралдары өкілдеріне еліміздегі президенттік сайлауға дайындық барысы туралы баяндап берді. Польша баспасөз агенттігінде өткен брифингте дипломат үміткерлер мен олардың бағдарламаларына тоқталды. Сайлауды бір мыңнан астам халықаралық байқаушы бақылайды. Олардың арасында Польша өкілдері де бар. Шетелде бұл күні 65 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Марғұлан Баймұхан, ҚР Польшадағы төтенше және өкілетті елшісі:

- Польшада Қазақстанда мерзімінен ерте өтетін президенттік сайлауға қызығушылық жоғары. Қаншама сұрақ қойғанына өздеріңіз куә болдыңыз. Ең алдымен үміткерлер мен олардың бағдарламалары туралы сұрақ қойған. Біз байқаушылар саны туралы мәлімет бердік. Польша Сеймы мен Сенат өкілдері Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының парламенттік тобы құрамында келеді.

Хабар 24 телеарнасы