389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда сайлаушыларға шақыру қағаздары таратылды

  • 465
  • UPD: 14:47, 31.05.2019
Таразда сайлаушыларға шақыру қағаздары таратылды

Жамбыл облысында кезектен тыс президенттік сайлауға 15 халықаралық байқаушы келеді деп күтілуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның жетеуі Ресей, қалғаны Қырғызстан мемлекетінен қатыспақ. Қазір өңірде Италия мен Швейцариядан келген екі байқаушы жұмыс істеп жатыр. Саяси науқан жақындаған сайын дайындық шаралары қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі күні сайлаушыларға шақыру қағаздары таратылып, 350 мыңнан астам тұрғын қамтылды. Бұл жұмыстар әлі де жалғасып жатыр.

Айта кету керек, аймақ бойынша сайлауға 700 мыңнан астам адам қатысады деп жоспарланып отыр.

Сара Мәдиева, облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

- Бүгінгі таңда академиямен отырып 251 адамды оқытып, олардың қолына сертификат бердік. Бұдан өзге қашықтықтан оқыту арқылы 1452 адам Орталық сайлау комиссиясының тестіне жауап беріп, тағы да сертификат алды. Яғни комиссияның 50 пайызынан жоғары адамдардың барлығының қолында сертификаты бар. Сертификат алған адамдар әрі қарай өзінің сайлау комиссиясы мүшелерін сайлау күніне дейін оқытатын болады. 

Хабар 24 телеарнасы