383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық кеңес төрағасы Д.Тускпен кездесті

  • 184
  • UPD: 20:11, 31.05.2019

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Еуропалық кеңестің төрағасы Дональд Тускпен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Еуропа одағы арасындағы қарым-қатынас жоғары деңгейде дамып келе жатқанын атап өтті. Дональд Туск Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды қалыптастыру және өркендету, сондай-ақ еліміздің халықаралық беделін нығайту ісіндегі рөлін атап өтті. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

– Біз бірнеше рет кездестік. Сіз төраға болған кезде Еуропа одағы мен Қазақстан арасында кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Биыл осы құжатты ратификациялау рәсімі аяқталады. Жалпы қарым-қатынасымыздың келешегі жарқын.

Дональд Туск, Еуропалық кеңес төрағасы:

– Сіз осы өңірде ерекше және маңызды рөл атқарасыз. Сізбен жүздескеніме қуаныштымын. Сіздің билік транзитіне қатысты ойға қонымды әрі жауапты ұстанымыңызды жоғары бағалаймын. Менің ойымша, бүкіл Еуропа осы қадамыңызға тәнті болды. Демократия жағдайында кімнің президент болатынын білу оңай емес. Бірақ Сіз айқындаған бағытты жалғастыру үшін кандидатыңыздың толық мүмкіндігі бар.

Хабар 24 телеарнасы