382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Асқар Мамин Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовпен кездесті

  • 135
Асқар Мамин Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовпен кездесті primeminister.kz

Үкімет басшысы Асқар Мамин Ашхабадта Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовпен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар энергетика, ғарыш, ауыл шаруашылығы, әскери-өнеркәсіптік кешен, көлік-транзит дәліздерін өзара дамыту жайын талқылады. Одан кейін Премьер-Министр ТМД Үкіметтерінің басшылары кеңесінің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыстарына қатысты. Былтыр елімізде ТМД елдерімен тауар айналымы 8,4%-ке артып, 24,3 млрд долларға жетті. Асқар Мамин аталған елдердің нарығы Қазақстан үшін басымдыққа ие екенін атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша ТМД-ға мүше елдердің іргелі зерттеу, музей ісі салаларында ынтымақтастықты үйлестіруі, тауарлар шығарылған елді анықтау, кедендік рәсімдеу және кедендік бақылау тәртібі, транзитке қатысты ережелерге өзгеріс енгізу бойынша келісімге қол қойылды. Ал кеңеске төрағалық еткен Түрікменстан эстафетаны Ресейге табыстады. Енді ТМД үкіметтерінің басшылары күзде Мәскеуде бас қосады.

Хабар 24 телеарнасы