378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында сайлаудың әділ өтуін 223 тәуелсіз байқаушы бақылайды

  • 167
  • UPD: 23:54, 01.06.2019
Маңғыстау облысында сайлаудың әділ өтуін 223 тәуелсіз байқаушы бақылайды Талғар газеті

Қазір олар «Аманат» азаматтық платформасының өңірлік штабында дәріс алып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Байқаушыларды сайлау жұмыстарына баулу үшін штабтан 10 мобильді капитан бөлінген. Әрбір капитан отызға тарта адамды тұрғылықты жеріне барып оқытуда.

Айта кетейік, азаматтық платформа қызметіне жұмылғандардың ешқайсысы саяси партияларға жақтас бола алмайды. Олар тәуелсіз әрекет етіп, сайлаудың әділ әрі ашық өтуін қадағалайды. 

Ғалия Жалғасбай, «Аманат» азаматтық платформасының өңірлік штабы жетекшісі:

- Күні бүгінге дейін облыстың қалалары мен ауылдарында оларды оқыту процесі аяқталып келеді. Бақылаушы сайлау барысында дауыс беру орнын, мекенжайын ашудан бастап дауыстарды толық санап біткенге дейінгі аралықтағы оның барлық функционалдық мүмкіндіктері мен қадамдары жазылған ақпаратпен қамтамасыз етіледі.

Хабар 24 телеарнасы