389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузиядағы елшілігімізде сайлау орны жұмыс істейді

  • 322
  • UPD: 23:52, 01.06.2019
Грузиядағы елшілігімізде сайлау орны жұмыс істейді

9 маусым күні Грузиядағы Қазақстан елшілігінде №277 сайлау учаскесі жұмыс істейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі кезде сайлауға қатысу үшін жүзден астам азаматымыз тіркелген. Алайда алда бір аптадан аса уақыт болғандықтан, сайлаушылардың саны әлі де артуы мүмкін.

Бауыржан Мұхамеджанов, Қазақстанның Грузиядағы төтенше және өкілетті елшісі:

- Елшілікте №277 сайлау учаскесі ашылды. Біз бүкіл ақпарат құралдары арқылы Грузия аумағында уақытша тұрып жатқан немесе демалуға және іссапармен келген азаматтар еш кедергісіз дауыс бере алатынын хабарладық.

Хабар 24 телеарнасы