378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбританияда Қазақстанда өтетін президенттік сайлау науқаны талқыланды

  • 187
  • UPD: 15:15, 03.06.2019
Ұлыбританияда Қазақстанда өтетін президенттік сайлау науқаны талқыланды

Қазақстанның Біріккен Корольдіктегі елшісі Ерлан Ыдырысов жергілікті саяси және бизнес элита, сондай-ақ БАҚ өкілдеріне шараның маңыздылығы және оған дайындық жайы туралы әңгімеледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесу Лондон директорлар институтында өтті. Ұлыбританияның бұл байырғы ұйымы саясат пен бизнестегі көшбасшылардың басын біріктіреді. Олар бұл күні біздің елде болып жатқан демократиялық реформалар мен алдағы сайлауға дайындық шаралары туралы ақпараттандырылды. Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысов алдағы сайлаудың Қазақстанды дамудың жаңа белесіне жетелейтіндігін жеткізді.

Тревор Бартон, CMS Cameron Mckenna Nabarro Olswang LLP компаниясының кеңесшісі:

- Елші сайлау өткізудің ережелері туралы айтты. Біз науқанның демократиялық нормаларға толық жауап беретіндігін түсіндік. Бірнеше кандидат бар екен. Сайлау нәтижелерін асыға күтетін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы