389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда 49 аумақтық сайлау бөлімшесі жұмыс істейді

  • 515
  • UPD: 15:10, 03.06.2019
Түркістанда 49 аумақтық сайлау бөлімшесі жұмыс істейді

Киелі шаһардан алдағы саяси науқанға 107 мыңнан астам сайлаушы қатысып, өз таңдауын жасайды деп күтілуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Барлық сайлау бөлімшелеріне бюллетень салатын жәшіктер дауыс беру бөлмелері және қажетті құрал-жабдықтар орнатылған. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың да дауыс беруіне барлық жағдай жасалып отыр. Нақты айтқанда, көру қабілеті нашар азаматтарға арналған лупа жарық шам, компьютер және құлаққаптар қойылған. «Сайлаушыларды қабылдап, оларға ыңғайлы қызмет көрсетуге барлық мүмкіндік бар», – дейді қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғазы Ырысбеков. Сайлау күні шаһардағы әрбір бөлімшеге 5-тен 11-ге дейін сайлау комиссиясының мүшелері мен шетелдік байқаушылар қатысады деп жоспарлануда.

Серғазы Ырысбеков, Түркістан қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Қазіргі таңға барлық сайлау учаскелері толық дайын десек қателеспеген боламыз. Өйткені бұрынғы сайлаулардан бұл сайлаудың бір ерекшелігі, барлық мүгедек жандардың құқығын шектемей, оларды сайлау учаскелеріне толық келіп, дауыс беру мәселелсін ұйымдастырып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы