378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Инге көңіл айту жеделхатын жолдады

  • 127
  • UPD: 20:29, 03.06.2019
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Инге көңіл айту жеделхатын жолдады.
«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге және Дунай өзеніндегі кеме апаты салдарынан жақындарынан айрылған отбасыларға, сондай-ақ, бүкіл достас Корея Республикасы халқына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың туыстары мен жақындарын сабырға шақырып, ал зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Хабар 24 телеарнасы