382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жайықтағы балықтың қырылуына кінәлілер қатаң жазаланады – Қ.Тоқаев

  • 136
  • UPD: 13:59, 04.06.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атыраулықтармен кездесті.

Президент облыс жұртшылығымен өткен жиында бірқатар күрделі әрі күрмеулі мәселелерге тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев әуелі Жайық өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына қатысты пікір білдірді. Президент биылдың өзінде 118 тонна балықтың қырылғанын айтты. Осы бассыздыққа жол берген жауаптылардың қатаң жазаланатынын ескертті. Қазір айыптыларға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Сондай-ақ мемлекет басшысы Қарт Каспий мен Жайық өзенін лайлап жатқан компаниялар да қатаң бақылауда болады деді. Қазір өңірде экологиялық мәселе ушығып тұр. Жайық суының деңгейі күрт төмендеп кеткен. Қасым-Жомарт Тоқаев осы олқылықтың орнын дереу толтыруды тапсырды. Сонымен қатар Президент мұнай-газ саласында жұмыс істейтіндердің дені шетелдік мамандар екенін айтты. Осы жайт жергілікті тұрғындардың шымбайына батып жатқанын білетінін де жеткізді. Сондықтан алдағы уақытта ірі мұнай компанияларына көбіне жергілікті жұмысшыларды тартып, оларға жоғары жалақы төлеуді міндеттеді.

Хабар 24 телеарнасы