378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинада қазақстандықтар үшін сайлау учаскесі ашылады

  • 100
  • UPD: 14:44, 04.06.2019

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық Украина елінде де жүргізіліп жатыр.

9 маусым күні еліміздің Украинадағы елшілігі ғимаратында номері 268-сайлау учаскесі ашылады. Украинада уақытша тұрып жатқан Қазақстан азаматтары және осы күні әртүрлі себептермен Киевке келген қазақстандықтар саяси оқиғадан тыс қалмай өз конституциялық дауыс беру құқығын іске асыра алады. Бұл туралы арна тілшісіне Киевтегі учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Тоқтар Игембаев мәлімдеді. Киевтегі номері 268-сайлау учаскесі 9 маусым күні жергілікті уақыт бойынша жұмысын таңғы жетіден бастап, дауыс беру кешкі сегізде аяқталады.

Тоқтар Игембаев, ҚР Украинадағы елшілігінің кеңесші уәкілі, учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы:

- Украинадағы Қазақстан Республикасының Елшілігі ел Президентінің кезектен тыс сайлауына әзірлік және ұйымдастыру жұмысын жүргізіп жатыр. Алдын ала есеп бойынша Қазақстанның 150 азаматы Киев қаласында дауыс беріп, өз таңдауын жасайды. Сайлау жоғары деңгейде және қалыпты жағдайда өтеді деп сенеміз. Мүмкіндікті пайдаланалып, Украина жерінде тұрып жатқан Қазақстан азаматтарын 9 маусым күні өз конституциялық құқығын пайдалануға шақырамыз.

Хабар 24 телеарнасы