378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШЫҰ байқаушылары еліміздің 7 қаласында сайлау барысын бақылайды

  • 142
  • UPD: 15:36, 04.06.2019

Шанхай ынтымақтастық ұйымы байқаушылар миссиясының өкілдер Қазақстанның 7 қаласында сайлау процесін бақылайды.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Владимир Норов мәлімдеді. Оның айтуынша, Шанхай ынтымақтастық ұйымы байқаушылар миссиясы 25 мүше-мемлекеттің өкілдерінен тұрады. Жалпы, бұл миссия ең алғаш Қазақстанда 2004 жылы жұмысын бастаған болатын. Сондай-ақ Владимир НОров өз сөзінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының байқаушылар миссиясы сайлаудың әділ өтуіне барынша күш салатынын айтты.

Владимир Норов, ШЫҰ Бас хатшысы:

- 7 маусымда толыққанды жұмысты бастап, 8 маусымда тыныштық күні десек, 9-ында біздің өкілдер өз қызметін орындап, сайлау процесіне бақылау жүргізеді. Әлбетте, Қазақстанның сайлау заңнамасында біршама жаңашылдықтар барын біліп отырмыз. Бұл жаңашылдықтар ШЫҰ елдеріне де үлгі болары сөзсіз.

Хабар 24 телеарнасы