379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ТМД елдерінің байқаушылар миссиясы мониторинг жүргізіп отыр

  • 164
  • UPD: 23:44, 04.06.2019
ТМД елдерінің байқаушылар миссиясы мониторинг жүргізіп отыр 365info.kz

Кезектен тыс өтетін Президент сайлауы дайындығына мониторинг жүргізуге келген ТМД елдерінің байқаушылары аралық есептерін жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың айтуынша, елімізде халықаралық байқаушылардың жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасалған. Байқаушылар миссиясы Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен келген еді. Олар Қазақстан Республикасының заңдары аясында өз жұмыстарын кедергісіз жүргізіп отыр. Миссия құрамында Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан, Беларусь және басқа да мемлекеттерден барлығы 424 байқаушы бар. Олардың 20-сы ұзақ мерзімге келгендер.

Миссия құрамын жасақтау жұмысы әлі жалғасып жатыр. Олар өз қызметтері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап, ашық жұмыс істеуге дайын. Миссия өкілдері сайлауалды кампания жұмысын Орталық сайлау комиссиясымен бірлесе талқылады.

Хабар 24 телеарнасы