384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда қоғам белсенділері сайлау барысын бақылайды

  • 128
  • UPD: 23:43, 04.06.2019
Петропавлда қоғам белсенділері сайлау барысын бақылайды

«Аманат» азаматтық платформасының Петропавлдағы штабы да әр сайлау учаскесіне бір-бір тәуелсіз байқаушы бекітті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар еріктілер арасынан 30 мобильді капитан іріктелген. Бұл туралы ұйымның кезеңаралық қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында айтылды. Еріктілерден құралған белсенді топ саяси науқан кезінде қоғамдық қадағалау ұйымдастырады. Бүгінге дейін олар байқаушыларға түрлі тренингтер өткізіп, үміткерлердің сенімді өкілдерімен кездесті. Штаб мүшелері сайлаудың әділ, әрі ашық өтуін бақылап, заң бұзушылықтарды тіркейді.

Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысында 663 дауыс беру орны жұмыс істейді.

Жанат Мұхамеджанов, «Аманат» АП штабының мүшесі:

- Кандидаттарға тең мүмкіндік беріліп жатыр ма? БАҚ-та, газет беттерінде мақалалар тең жарияланып жатыр ма? Сондай ұсыныстарды әзірлейміз. Бұл енді нақты сайлау күні жасалынып, яғни сайлау өткеннен кейін де біз қорытынды бір брифинг жасап, осындай ұсыныстарымызды айтамыз.

Хабар 24 телеарнасы