389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Ораза айт мерекесімен құттықтады

  • 386
  • UPD: 20:58, 04.06.2019
Түркия Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Ораза айт мерекесімен құттықтады Zakon.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында Режеп Тайып Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевты Ораза айт мерекесімен құттықтап, зор денсаулық және толағай табыс, ал Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.

Тараптар Қазақстан-Түркия ынтымақтастығының, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы