378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президенттік сайлауға Германиядан бір топ байқаушы келеді

  • 145
  • UPD: 17:29, 05.06.2019

Қазақстандағы президенттік сайлауға Германиядан бір топ байқаушы келеді.

Олардың арасында Генрих Цертик бар. Кезінде Бундестаг депутаты болған ол қазір Германиядағы достық Елшісі. Ұзынағаш ауылында дүниеге келген азамат  30 жыл бойы Германияда тұрып жатыр. 9-маусымда Цертик тәуелсіз байқаушы ретінде Алматыдағы сайлау орындарының жұмысын бағалайды. 

Генрих Цертик, Германиядағы Қазақстан халқы Ассамблеяcының Достық елшісі:

- Қазақстанға байқаушы ретінде баратыныма өте ризамын. Президент лауазымына 7 үміткер бақталасатыны белгілі. Сайлауда бәсеке болғаны дұрыс және маңызды. Қазақстандағы президенттік сайлау барысын Германияда да мұқият бақылап отыр. Мұны неміс ақпарат құралдарында жиі көріп естимін. Бұл Германия азаматтары үшін маңызды деп санаймын, себебі бізде Қазақстанда дүниеге келген  немістер көп.

Хабар 24 телеарнасы