383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кандидаттарды жақтаушылар арасындағы пікірталас мәдениетін қалыптастыру керек – Саясаттанушы

  • 128
  • UPD: 19:37, 05.06.2019

Президенттікке кандидаттардың сайлауалды бағдарламалары әлі де болса халыққа жетпей жатыр. 

Көпшілік таныс емес. Бүгін саяси науқанға қатысты өткен пікірталас алаңында кей сарапшылар осындай ойын білдірді. Жиында айтылғандай, үміткерлердің жақтаушылары арасында жүретін интернеттегі пікірталас та үдеп барады. Бір-бірін сөгетіндер де кездеседі. Белсенділік танытқан жөн. Бірақ шектен шықпау маңызды. Осы мәдениетті қалыптастыру қажет.

Талғат Қалиев, саясаттанушы:

- Қоғамдағы интернетте отыратын, ананы жақтайтын, мынаны жақтайтындар бір-бірін көре алмай, пікірталаста қатты кетіп қояды. Солар бір тәртіпке келу керек. Оны заң бойынша емес, оны өзі реттеу керек. Қоғамда бір тәртіп қалыптасу керек.

Хабар 24 телеарнасы