378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Аманат» платформасында сайлау учаскелерінің дайындығы пысықталды

  • 119
  • UPD: 19:37, 05.06.2019
«Аманат» платформасында сайлау учаскелерінің дайындығы пысықталды

Сайлау учаскелері саяси науқанға толығымен дайын ба?

Осы сауалды бүгін «Аманат» азаматтық платформасында да жеті кандидаттың өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар талқыға салды. Тәуелсіз ерікті ұйым мүшелері осыған дейін 800-ге жуық сайлау учаскесін аралап, дайындығын тексерген. Олар әр учаскенің мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы болуын қадағалады. «Аманат» мүшелері бұған дейін сайлау өткізудің әлемдік тәжірибесіне сүйене отырып, халықтың өтінішін жинақтап, кандидаттарға жеткізген.

Саясат Нұрбек, «Аманат» азаматтық платформасының мүшесі:

- Қазіргі таңда дауыс берушілерге бейтарапсыз сапалы ақпарат өте аз. Үміткерлер, үміткерлердің платформалары туралы біз осындай әлеуметтік желі арқылы, осындай дөңгелек столдар арқылы ақпарат жеткізуге тырысып жатырмыз. Тағы бір басымдық біз осы алаңды қалдырып, кез-келген дауыс берушінің аманатын жерге тастамай оны үміткерлердің штабтарына жеткізу.

Хабар 24 телеарнасы