378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Э.Левитсті Латвия Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады

  • 121
  • UPD: 19:53, 05.06.2019
Мемлекет басшысы Э.Левитсті Латвия Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Латвия Республикасының Президенті лауазымына сайлануына байланысты Эгилс Левитске құттықтау жеделхатын жолдады. 

«Қазақстан мен Латвияның ортақ тарихы мен құндылықтарына, әріптестік пен достыққа негізделген қарым-қатынастарды нығайтуға бірлесіп күш жұмылдыратынымызға кәміл сенемін. Сізге аса жауапты қызметіңізде мол табыс, ал достас Латвия халқына бақ-береке тілеймін», – делінген жеделхатта.

Хабар 24 телеарнасы