389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливандық тілші Астана процесінің бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

  • 375
  • UPD: 15:31, 06.06.2019

Ливандық журналист Самар Надер арнамызға берген сұхбатында Астана процесінің бітімгерлік рөлін жоғары бағалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ливандық тілші 2007 жылдан бері Таяу Шығыстағы шиеленістерді реттеуде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жұмысын жариялап келеді. 2011 жылы Самар Надердің басты тақырыбына «Араб көктемі» деп аталған толқулар арқау болған. Бүгінде оның басты назары Сириядағы жанжалға ауып отыр.

Самар Надер, тілші

- БҰҰ-да Сирия бойынша көптеген кездесулер, пікірсайыстар мен Қауіпсіздік кеңесінің мәжілістері нәтижесіз өткеніне куә болдық. Бірақ уақыт өте келе осы мәселе Қазақстанда талқылана бастады. Сириядан шалғайда орналасқан Қазақстан осы іске қалай араласпақ деп алғашында осы таңдауға таң қалған едім. Алайда іс жүзінде тек сіздердің елдеріңізде нақты еңбек атқарылды. Келіссөздер өтетін үстел басына жауласқан тараптардың басын қосу – үлкен жетістік.

Хабар 24 телеарнасы