384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрлан Нығматулин ресми сапармен Өзбекстанға барды

  • 511
  • UPD: 12:22, 06.06.2019
Нұрлан Нығматулин ресми сапармен Өзбекстанға барды

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Өзбекстан Республикасына ресми сапармен барды.

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Сапар барысында Мәжіліс Төрағасының Өзбекстанның Олий Мажлисі Заң шығару палатасының Спикері Нурдинжон Исмоилов пен Сенат Төрағасы Нигматилла Юлдашевпен келіссөздер жүргізуі жоспарланған.

Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулиннің Өзбекстанның Министрлер кабинеті жанындағы Шетелдік елдермен этнос аралық және достық қарым-қатынастар комитетінде бірқатар кездесулері және Өзбекстандағы қазақ ұлттық орталығына баруы күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы