379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Қазақстанның бірқатар елдегі елшілерін тағайындады

  • 191
  • UPD: 12:33, 06.06.2019
Мемлекет басшысы Қазақстанның бірқатар елдегі елшілерін тағайындады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірқатар елдегі елшілерін тағайындады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Дәурен Айтбайұлы Кәріпов Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Айдарбек Ануарбекұлы Тұматов Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада.

Осыған орай Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Үсен Әбдіқадырұлы Сүлеймен Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан;

Болат Тұрарұлы Нүсіпов Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен;

Азамат Рахманқұлұлы Бердібай Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Ливан Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды. 

Хабар 24 телеарнасы