378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде ШЫҰ байқаушылары сайлау учаскелерін аралады

  • 140
  • UPD: 10:25, 07.06.2019

Шығыс Қазақстан облысына Шанхай ынтымақтастық ұйымы байқаушылар миссиясының 30-ға жуық мүшесі келген.

Олар 9 маусымдағы кезектен тыс Президент сайлауына дайындық барысымен танысу үшін аудандар мен қалаларды аралап жүр. Байқаушылар бір күнде онға жуық бөлімшеге барып үлгерді. Нөмірі 260-шы сайлау учаскесінде 2 мыңнан астам дауыс беруші тіркеліпті. Олардың жексенбі күні келіп, өз таңдауларын жасауларына мейлінше жағдай жасалған.  

Гүлқайыр Балбаева, Шанхай ынтымақтастық ұйымы байқаушылар миссиясының мүшесі:

- Сайлау учаскесі науқанға дайын. Келіп дауыс беретін халық үшін барлық жағдай жасалған. Тіпті көшпелі жәшіктер де бар, бұл үйінен келе алмайтын жандар үшін өте маңызды. Халықаралық байқаушы ретінде айтарым, сайлауға дайындық шаралары барлық талаптарға сай жүргізілген.

Хабар 24 телеарнасы