389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР СІМ: Дубайдағы жол апатынан зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ

  • 242
  • UPD: 12:42, 07.06.2019
ҚР СІМ: Дубайдағы жол апатынан зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ ru.sputniknews.kz

Дубайдағы жол апатынан зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дубайда туристер мінген автобустың апатқа ұшырауынан қаза тапқан және зардап шеккен адамдардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ», - деді Айбек Смадияров.

Естеріңізге сала кетейік, 6 маусым күні Дубайда жергілікті уақыт бойынша 17.40-та мемлекеттік нөмірі Оман Сұлтандығында тіркелген туристік автобус жол апатына ұшырады. 31 жолаушы мінген автобус шейх Мұхаммад бен Заид жолымен метроға бара жатқан. Апат салдарынан әртүрлі елден келген 17 турист қаза тауып, 5 адам ауыр жарақаттанған.

Хабар 24 телеарнасы