383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордаға Бразилиядан байқаушылар келді

  • 65
  • UPD: 14:15, 07.06.2019

Бас шаһарға Бразилия елінен байқаушылар келді.

Латын америкалық делегаттар 9 маусымда өтетін кезектен тыс президенттік сайлау процесін бақылайтын болады. Олар елорданың Есіл ауданындағы 4 сайлау учаскесін қамтымақ. Делегация басшысы Франциско де Асис Родригес сайлау алдындағы әзірлікке көңілі толатындығын айтты. Алайда дауыс беру қорытындысына баға сайлау учаскелері жабық деп жарияланғаннан кейін берілетіні белгілі.

франциско де Ассис Родригес, халықаралық байқаушы:

- Алдағы сайлауға дайындық жұмыстары жоғары деңгейде өтіп жатыр деп есептеймін. Қазақстандағы саяси науқанды бақылау үшін біз бұл елге алғаш рет келіп отырмыз. Бұған дейін байқаушы ретінде Венесуэла мен АҚШ-тағы сайлауға қатыстық.

Хабар 24 телеарнасы