378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлауалды науқанда интернет еркін пікірталас алаңына айналды – Саясаттанушы

  • 87
  • UPD: 13:19, 07.06.2019
Сайлауалды науқанда интернет еркін пікірталас алаңына айналды – Саясаттанушы

Осы сайлау науқанында әлеуметтік желілер еркін пікірталас алаңына айналды.

Сондай-ақ азаматтардың саяси мәдениетін жаңа деңгейге көтерді. Мұндай пікірді Tarlan.kz порталының редакторы білдірді. Бүгін Елордада саясаттанушылар мен сарапшылар бас қосып, сайлауалды науқанның қорытындыларын талқылады. Олардың айтуынша, саяси науқан тартысты әрі белсенді жүргізілді. Әсіресе соңғы екі аптада әлеуметтік желілердегі үгіт-насихат артқан. Сәйкесінше тұрғындар арасында президентікке үміткерлердің танымалдығы арты.

Ерлан Саиров, саясаттанушы:

- Ең негізгісі кандидаттардың, кандидаттардың штабтарының жұмысын сонымен бірге олардың саяси платформаларын жан-жақты зерттеп, сонымен бірге сол платформаларға өзінің көзқарасын білдіруде халық өз ойын білдіріп жатыр. 2005 жылдан бері тарихта бірінші рет оппозицияның өкілі қатысып отыр. Осының барлығы осы сайлаудың бүгінгі заңнамаға сәйкес халықаралық процедуралар мен стандарттарға сәйкес екендігін көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы