378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польша еліміздегі сайлау науқанын мұқият қадағалап отыр

  • 99
  • UPD: 14:11, 07.06.2019

Польшаның саяси әрі іскер қауымы Қазақстандағы президенттік сайлауды мұқият бақылап отыр.

Жергілікті саясаткер Януш Пехочиньский екі ел арасындағы тығыз әріптестікті жоғары бағалайды. Осыдан 4 жыл бұрын Польша премьер-министрінің орынбасары болған азамат алғаш рет елордамызға табан тіреген еді. Сол сапар маған үлкен әсер қалдырды, дейді ол. Енді ол Елордаға байқаушы ретінде келеді.  

Януш Пехочиньский, польша экономика министрі /2012-2015/:

- Елдеріңіздің тарихындағы маңызды кезең аяқталды. Қазақстанға барып, халықтың тарихи шешіміне куә болатыныма өз басым  өте ризамын. Польша үшін Қазақстан стратегиялық-серіктес , сенімді  әріптес ел. Инвестиция тарту бойынша үлкен  жұмыс  атқардыңыздар. Халық демократиялық таңдауға белсенді қатысуы керек. Өйткені мемлекеттің күші - белсенді азаматтарға байланысты.

Хабар 24 телеарнасы