384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бундестаг өкілдері Қазақстандағы саяси науқан барысын бақылауда

  • 66
  • UPD: 14:12, 07.06.2019

Германия парламентінде Қазақстандағы президенттік сайлауға дайындық барысын және үміткерлердің сайлауалды науқанын қызуғышылықпен бақылап отыр.

Бундестагтың халықаралық істер бойынша rомитет өкілі Андреас Ян 2016 жылы Қазақстанда өткен парламенттік сайлауда байқаушы болып қызмет атқарған. Сарапшы алдағы науқан туралы өз пікірімен бөлісті. 

Андреас Ян, Бундестагтың халықаралық істер бойынша комитетінің парламенттік хатшысы:

- Бұған дейінгі сайлауда бәрі өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына куә болдық. Осы сайлауда президент лауазымы үшін бірнеше үміткер бақталасатынын және арасында әйел барына ризамыз. Сайлаудың сәтті өтуін тілеймін. Жаңа президентпен де бірлескен жұмысымыз жүйелі әрі нәтижелі жалғасатынына сенімдіміз. Біз  әріптестік пен байланысты бекемдей түсуге әрқашан дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы