382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ОСК сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын қорытындылады

  • 122
  • UPD: 23:26, 07.06.2019

Президент сайлауы қарсаңында жүргізілген үгіт-насихат кезінде 8 заңбұзушылық тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлеуметтік желіде қоғамдық сұрау салу тәртібін бұзған 3 азамат пен 4 заңды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды. Сондай-ақ президенттікке үміткердің үгіт-насихат материалдарын қасақана зақымдаған елордалыққа 37 мың теңге айыппұл салынды. Бұл мәліметтерді Орталық сайлау комиссиясының отырысында еліміздің Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев жариялады. Жиында екі мәселе талқыланды. Оның бірі – сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының қорытындысы, екіншісі – сайлау бөлімшелерінің дауыс беруге дайындығы. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевтың айтуынша, барлық сайлау учаскелері саяси науқанға дайын. Бюллетеньдер жеткізілген.

Берік Имашев, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Заңның 27-бабының 2-тармағына сәйкес бүгін бізде сайлау алдындағы үгіттің соңғы күні. Сайлау процесінің барлық қатысушыларының, әсіресе бұқаралық ақпарат құралдарының назарын ертең, 8 маусым тыныштық күні екеніне аударғым келеді. Сайлау алдындағы үгітпен кез келген іс-әрекеттерге тыйым салынған.

Хабар 24 телеарнасы